Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер

Осы зерттеу табысы төмен және ұрымтал болып келетін балалы отбасылар тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік көмекке (Атаулы әлеуметтік көмек, АӘК және Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, МБЖ2 ) және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуде тап болатын кедергілерді зерделейді. Зерттеу түрлі мекемелерге орналастырылған балаларға қарағанда үй шаруашылықтарында өмір сүретін балаларға көбірек көңіл бөледі және арнаулы әлеуметтік қызметтер тұрғысынан ең алдымен мүгедектігі бар және қимыл-қозғалысы шектелген балаларды қамтиды. Зерттеу 2018 жылдың қаңтарына жоспарланған әлеуметтік көмек саласындағы жалпы ұлттық реформаларға дейін жүргізілді.